Wyndham Garden Astana - World Travel Awards 2026 бойынша Қазақстанның жетекші бизнес-қонақ үйі

Wyndham Garden Astana World Travel Awards нұсқасы бойынша Kazakhstan’s Leading Business Hotel 2026 атағына ие болды. Туризм индустриясының «Оскары» аталып жүрген бұл халықаралық сыйлық әлемдік қонақжайлылық саласындағы беделді марапаттардың бірі саналады.

2026 жылы Kazakhstan’s Leading Business Hotel атағы үшін халықаралық қонақ үй брендтері мен премиум сегменттегі бес жұлдызды нысандарды қоса алғанда, сегіз қонақ үй бақ сынады. Үміткерлерді алдын ала іріктеуге World Travel Awards сарапшылары қатысты. Ал жеңімпаз туризм индустриясының мамандары мен саяхатшылар арасында өткен ашық дауыс беру нәтижесінде анықталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Wyndham Garden Astana аталған номинацияның жеңімпазы атанды.

World Travel Awards 2026 марапаттау рәсімі 27 қыркүйекте Мальдив аралдарында өтіп, әлемдік туризм және қонақжайлылық саласының жетекші өкілдерін бір жерге жинады. Салтанатты кеште Wyndham Garden Astana жеңімпаздар қатарында таныстырылды.

Біздің команда үшін бұл атақ - күнделікті еңбектің, әрбір бөлшекке мұқият қараудың және халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылыстың нәтижесі.

2026 жыл біз үшін айрықша маңызды болды: бұл - Wyndham Garden Astana-ның бір жыл ішіндегі үшінші халықаралық мойындалуы. Бұған дейін Trip.com Group ұйымдастырған Envision 2026 жаһандық конференциясы аясында Rising Star 2026 атағына ие болдық. Сонымен қатар International Travel Awards нұсқасы бойынша Best Business and Conference Hotel in Kazakhstan атағын иелендік.

Бір жылдағы үш халықаралық марапат - біздің команда үшін маңызды белес. Бұл - әр қонаққа ұсынуға ұмтылатын жоғары сапалы қызметіміздің халықаралық деңгейде мойындалуы.