Wyndham Garden Astana қонақ үйі Trip.com Group халықаралық сыйлығына ие болды

Қытайдағы ең ірі онлайн туристік платформа әрі әлемдік туризм индустриясының жетекші компанияларының бірі саналатын Trip.com Group ұйымдастырған Envision 2026 жаһандық конференциясы аясында Wyndham Garden Astana қонақ үйі сатылым көрсеткіштерінің қарқынды өсуі мен жоғары нәтижелері үшін Rising Star 2026 халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Бұл марапат біздің команда үшін қол жеткізген жетістіктердің мойындалуы ғана емес, сондай-ақ таңдалған стратегияның тиімділігінің, қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейінің және қонақжайлылық индустриясының үздік халықаралық стандарттарына сай үздіксіз дамуға деген ұмтылысымыздың дәлелі.

Trip.com Group компаниясына жоғары бағасы мен сенімі үшін, ал қонақтарымыз бен серіктестерімізге қолдауы мен Wyndham Garden Astana қонақ үйін таңдағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!